Назарбаев университеті жанындағы «Ұлттық талдау орталығы» Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртастың 2025 жылдың үздік орындаушылары атанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ұлттық талдау орталығы 2025 жылдың басты тұлғалары жайлы тізімді жариялады. Зерттеулерінің нәтижесіне қарасақ, көптің айтуы бойынша үздік орындаушылар қатарында жиі аталғандар – Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас болған.
«Үздік орындаушылар қатарында жиі аталғандары – Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас болды. Тізімге жаңа музыкалық толқын өкілдері – Sadraddin, ALEM, «Ирина Кайратовна» тобы, Yenlik, Александр Лим, Raim, Молданазар, NINETY ONE, сондай-ақ кеңінен танылған орындаушылар – Мейрамбек Беспаев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова және басқалар енді. Музыкалық талғамдар дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімін көрсетеді: этно-поптан бастап заманауи қалалық мәдениетке дейін», — деп мәлімдеді Ұлттық талдау орталығы.
Сондай-ақ, Apple Music платформасындағы Top-100: Kazakhstan чартында қазақстандық орындаушылар жоғары орындарды иеленіп жатыр. Мысалы, ALEM-нің «Kuiim» композициясы 3-орында тұрса, Yenlik-тің «16 Qyz» әні әлемдік әртістермен қатар 10-орынға жайғасқан.