Қазақстан Жазушылар одағында өтеді
Белгілі жазушы, сценарист, Қазақстан халқының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Санжарұлы Сегізбаевты жерлеу 28 желтоқсан күні сағат 10:00-де болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Марқұммен қоштасу рәсімі Қазақстан Жазушылар одағында өтеді.
Нақты мекенжайы: Абылай хан даңғылы, 105.
Қазақтың Қожасының денесі “Кеңсай-1” зиратында жер қойнына тапсырылады.
Бұған дейін қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан киносценарист, жазушы, философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Санжарұлының 76 жасқа қараған шағында өмірден өткені туралы хабарлаған едік.