2026 жылғы «Грэмми» музыка сыйлығының жеңімпаздары жарияланды. Байқаудың ең басты марапаты – «Жылдың үздік альбомы» пуэрторикалық рэпер Bad Bunny-дің Debí Tirar Más Fotos альбомына бұйырды. Бұл жинақ оған «Үздік урбан-альбом» номинациясында да жеңіс әкелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Альбом пуэрторико музыкасының элементтерін қамтып, АҚШ басқаруындағы аралдың өзекті әлеуметтік мәселелерін қозғайды. Жинақтағы барлық ән испан тілінде орындалған.
Басқа негізгі номинациялар бойынша:
«Жылдың үздік жазбасы» – luther (Кендрик Ламар & SZA)
«Жыл әні» – Wildflower (Билли Айлиш)
Үздік поп-вокал альбом – MAYHEM (Леди Гага)
Үздік рэп-альбом – GNX (Кендрик Ламар)
Үздік жаңа әртіс – Оливия Дин (Ұлыбритания)
Үздік поп-соло орындау – Messy (Лола Янг)
Жылдың үздік клипі – Anxiety (Doechii)
Айта кетейік, Кендрик Ламар бұл жолы мансабындағы 26-шы және 27-ші «Грэмми» жүлделерін жеңіп алып, сыйлық тарихындағы ең көп марапат алған рэпер атанды.