Өйткені одақтың жаңа төрағасы болуы мүмкін деген үміткерлердің арасында 65 жастағы Ғалым Жайлыбайдың да есімі аталған
Алдағы уақытта Қазақстан жазушылар одағының құрылтайы өтеді. Одақтың тәртібі бойынша құрылтайда басшылық құрамы сайлануы керек. Бұған дейін бірінші орынбасар болған Ақберген Елгезек қызметінен кетіп, «алдағы құрылтайда қойылатын спектакльге қатысуға құлқым жоқ» деген болатын. Осыған қатысты Qaz365.kz тілшісі ақын, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың Ғалым Жайлыбайдың пікірін білуге тырысқан еді.
Өйткені одақтың жаңа төрағасы болуы мүмкін деген үміткерлердің арасында 65 жастағы Ғалым Жайлыбайдың да есімі аталған.
Телефон тұтқасын бірден көтергенімен, бұл сұраққа жауап беруге құлқы жоқ екенін айтты.
Мен қазір ем алып жатырмын. Осы сұраққа жауап беруге құлқым жоқ. Одақтың жаңа төрағасы болуы мүмкін деп, оншақты қаламгердің аты аталуы мүмкін. Арасында мені де қосуы ықтимал. Сондықтан бұл сұрақ бойынша мазаламауларыңызды өтінемін. Менің одақтан кетіп қалғаныма бірнеше жыл болды, - деді Ғалым Жайлыбай.
Айта кетейік, ол Нұрлан Оразалин төраға болған тұста бірнеше жыл бірінші орынбасар болған. Сосын 2018 жылы бұл орынға Ақберен Елгезек отырған еді.
Елгезек жақында желіде жазба қалдырып, қызметінен кетті. Кейін өзшешімін «Топас интригалардан қашқаным» деп түсіндірді.
Ал одақтың төрағасы Ұлықбек Есдәулет жақында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің қабылдауында болып шықты. Кездесу туралы өзінің Facebook-тағы парақшасына жазып, Ерлан Қаринмен қандай мәселелер жайында кеңескенін көрсеткен. Бірақ кейіннен ол жазбаны өшіріп тастады.