Есен Елеукен телеарнадан кетті

Qaz365.kz редакциясы

«Жайдарман» жобасы толықтай YouTube-ке көшті

Динара Сәтжанмен сұхбат

Қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форуымында  Қазақстан КВН Одағының президенті Есен Елеукен «Жайдарман» жобасы толықтай YouTube-ке көшкенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз маркетинг тұрғысынан тиімді болған соң, әлеуметтік желіге, яғни YouTube-ке кеттік. Ұзақ жылдар Ұлттық арнамен жұмыс істедік. 2010 жылдан бастап, «Жайдарман» ойындары Qazaqstan арнасында көрсетіліп келді.

Әсіресе, 2012-2017 жылдар аралығында рейтинг өте жақсы болды. Алдыңғы қатарда жүрдік. Кейін көрерменнің көбісі YouTube-ке ауысқанда рейтинг түсе бастады», – дейді Есен Елеукен.

Оның айтуынша, көрермендер және жалпы «Жайдарманның» жанкүйерлері әртүрлі ғайбат сөздер айтып, неге YouTube-ке шығармайсыңдар деп ұрысатын болған. 

«Ақшадан өлдіңдер ме?» деген сияқты сөздер жиі айтыла бастады. Сол тұста көрерменімізді жоғалтып алдық. Қазір біз толықтай әлеуметтік желіге көштік. Енді барлығы уақытылы көрсетіледі. Соған бел буып отырмыз.  Қалаған уақытымызда көрсетіледі. Жоспар көп. Концепциясы жазылып жатыр.  Үш-төрт жылдың көлемінде YouTube-телевидение айналуды көздеп отырмыз», – дейді «Жайдарман» ойындарының жүргізушісі