Соңғы 5 жылда 170-тен астам ақын-жазушы қайтыс болған

Qaz365.kz редакциясы

Құрылтайға келгендер қайтыс болған қаламгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды

Коллаж: Qaz365.kz

Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстан Жазушылар одағының 170-тен астам мүшесі қайтыс болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы одақтың XVI құрылтайында айтылды. Қайтыс болған қаламгерлер арасында Шерхан Мұртаза, Серік Қирабаев, Қабдеш Жұмаділов, Рақымжан Отарбаев және т.б бар.

«Бүгінде бір жазушы жұқпалы кесел  жұқтырса, хабар әуелі маған жетеді. Оларды емдету, ауруханаға жатқызу жұмыстарымен де айналысамыз. Егер қаламгер қайтыс болса, отбасына барып, қаралы хабарды естірумен, әкімдіктегілерге шабылып, зираттан жер әперу , жаназасын шығару, кейде ас беру мәселесімен де айналыстық», - дейді одақтың экс-төрағасы Ұлыбек Есдәулет. 

Айта кетейік, бүгін құрылтайда Ұлықбек Есдәулет жаңа қызметке ауысуына байланысты сайлауға түсуден бас тартып, кандидатурасын алып тастады

Жиынға Қазақстан Жазушылар одағының 525 делегаты, арнайы шақырылған қонақтар, БАҚ өкілдері қатысып жатыр. Қазіргі таңда Жазушылар одағының жалпы мүшесі 970-ке таяған.