Айтуынша, айтыскерлер мемлекет тарапынан мардымды қолдау көрген жоқ
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында Қазақстанның айтыс ақындары мен жыршы – термешілер одағына ғимарат беруді сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Қазақ халқы үшін айтыс өнерінің орны әрқашан да ерекше болған.
“Сөз қадірін өз қадірім” деп түсінген дана халықымыз айтысты тек қана өнер емес, бір рулы елдің, бір аймақтың, қалаберді біртұтас мемлекеттің мүддесін қорғайтын пікірталас алаңы деп таныған.
Еліміз тәуелсіздік алғалы айтыс өнері ары тұра мемлекеттік қаржысынан ұйымдастырылатын айтыстар болмаса, мемлекеттен мардымды қолдау көрді деп айта алмаймыз. Уақыттың сынақтарына қарамастан айтыс өнері бүгінгі күнімізге, қазақ халқының махаббатымен демеуінің арқасында жоғалып кетпей жетті. Жетіп қана қоймай, 2012 жылдың 1-тамызында «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған еді”, – делінген сауалда.
Оның айтуынша, қазіргі таңда одақ мүшелігінде 250-ге тарта айтыскерлер мен жыршы-термешілер бар. Одақ құрылғаннан бері 110 халықаралық және республикалық, 100 ден астам облыстық пен аудандық айтыс өткізілді. 5 рет Республикалық жыршы-термешілер байқауын жеке кәсіпкерлердің көмегімен ұйымдастырған болатын.
Алайда, мұндай зор іс-шараларды жүзеге асырып отырған Одақтың әлі күнге дейін бір тұрақты ғимаратының жоқ. Мемлекет тарапынан айтысқа бөлінетін қаржы да Одаққа белгісіз себептермен толық жетпейді.
“Құрметті Алтай Сейдірұлы! жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден:
- Алматы қаласынан Қазақстанның айтыс ақындары мен жыршы – термешілер одағының атына тұрақты мекенжайы болып бекітілетін, ғимаратпен қамтамасыз етуіңізді;
- Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі тарапынан жартылай тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуіңізді сұраймын!” – деді Зайытов.