Шпиондық боевик жанрындағы фильм аяқ астынан Қазнетте қызу талқыланып жатыр
Арнольд Шварценеггер қазақтар жиі аталатын сериалда басты рөлді сомдады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.
Голливуд актеры Арнольд Шварценеггер америкалық Фубар (Fubar) сериалына басты рөлді сомдаған. Туындыда Қазақстан мен қазақтар бірнеше рет аталып өтеді.
Шпиондық боевик жанрындағы фильм аяқ астынан Қазнетте қызу талқыланып жатыр. Сериалдың алғашқы сюжетінде кейіпкерлер Қазақстанды, қазақтар мен «Нұр-Сұлтан» қаласын атап өтеді. Кадрда қазақстандық төлқұжаттың фотосы, «Қазақстандағы ең танымал сағыз», оның бағасының шарықтап кеткені назарға ілігеді. Ал эпизодтардың бірінде кейіпкердің бірі «қазақтар шошқа етін жемейтінін» айтады.
Сериалда Анна Фетисова атты Қазақстан азаматының Сүлеймен Демирел атындағы университетте заңгер мамандығы бойынша оқығаны айтылады.
«Дмитрий Корчев, Нұр-Сұлтанға қарындасыма барамын», - дейді бір кадрда Арнольд Шварценеггер.
Айта кетсек, бұған дейін БАҚ «Алтайдағы Аустрия жолы» атты мақалада актер Арнольд Шварцнеггердің атасы І дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейге тұтқынға түсіп, Шығыс Қазақстанда әйгілі «Аустрия жолының» құрылысына атсалысқанын жазысқан. Жолды 1914-1916 жылдары австрия-венгр тұтқындары салған. Жергілікті жұрт оны Ирек асуы деп атайды.