Вокалдан Роза Бағланова атындағы халықаралық байқау басталды

Qaz365.kz редакциясы

Конкурсқа эстрада жанрында өнер көрсететін 18-35 жас аралығындағы вокалистер қатысады

kazmuseum.kz

Астанада Қазақстан мен КСРО Халық артисі, Халық қаһарманы, әнші Роза Бағлановаға арналған халықаралық вокалистер байқауы басталды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап.

“Финалға шығу үшін Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Татарстан, Польша, Болгария, Қырғыз Республикасы және Беларусь республикаларынан 21 талапкер бақ сынайды. 2022 жылғы 12 қазан мен 20 қараша аралығында онлайн форматта өткен іріктеу кезеңі аясында 48 өтінім қабылданды. Оның қорытындысы бойынша финалға 21 орындаушы өтті. Байқау жеңімпазы 3 желтоқсанда өтетін финал мен Гала-концерт кезінде белгілі болады”, – делінген министрлік хабарламасында.

Конкурсқа эстрада жанрында өнер көрсететін 18-35 жас аралығындағы вокалистер, республикалық және халықаралық конкурстардың, телевизиялық вокалдық конкурстардың қатысушылары, мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысатынын атап өткен жөн.