Қала әкімдігі шешімге түсіністікпен қарауға шақырған
Семей әкімдігі "Би-2" концерті өткізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Табиғи өрт кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты облыстық қоғам белсенділерінің өтініштері бойынша 21 маусымда "Арена" кешенінде жоспарланған ресейлік "Би-2" музыкалық тобының концерті өткізілмейтіндігін хабарлаймыз", – деп жазды Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Instagram-дағы ресми парақшасында.
Қала әкімдігі шешімге түсіністікпен қарауға шақырған.
Кейін Семей әкімдігінің парақшасындағы жазба өшірілді.
Бұған дейін өнерпаздар Алматы және Астана қалаларының алаңдарында өнер көрсеткен болатын. Топтың солистері Қазақстанға гастрольдік сапарға шығар алдында концерттен түскен барлық қаражатты зардап шеккен аймаққа көмектесу үшін Семейге аударатындарын мәлімдеген.