«Қазақ тілінде бірде-бір үйірме жоқ»: Алматы тұрғыны әкімге шағымданды

Qaz365.kz редакциясы

Досаев бұл мәселені шешуді өзінің орынбасарына тапсырды

Almaty.tv

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен болған кездесуінде алматылық әжей С.Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында қазақ тілінде бірде-бір үйірменің жоқтығын айтып, тіл мәселесін көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«1 маусым күні немереммен С.Бегалин атындағы балалар кітапханасына бардым. Ол жақта бірде-бір қазақша үйірме жоқ. Бәрі орыс тілінде өтеді», –  деді қала тұрғыны.

Алматы әкімі Ерболат Досаев бұл мәселені шешуді өзінің орынбасарына тапсырды.