Қазақстандық 12 жасар әнші "Славян базарының" Гран-приін жеңіп алды

Qaz365.kz редакциясы

Жас орындаушы ең жоғары ұпай жинады

belta.by

Беларусьтің Витебск қаласында өтіп жатқан "Славян базары" байқауының ашылуында 12 жасар Шерхан Арыстан арнайы сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жас орындаушы фестивальдің қазылар алқасынан ең жоғары ұпай жинады. Сонымен байқаудың бірінші күні ол Андреа Бочелли, Дэвид Фостер және Эми Фостердің Ama, Credi e Vai ("Сүй, сен, жүре бер") композициясын орындағаны үшін 70 ұпай жинады. Екінші күні де Шерхан Арыстан 70 ұпай алды. Беларусь әншісі София Рустамова қазақстандық жас таланттан 4-ақ ұпайға қалып қойды. Бұл туралы Белта басылымы жазды.

Шерхан Арыстан жүлдені «Витебскідегі славян базары» XXXII халықаралық өнер фестивалінің ашылу салтанатында Беларусь Президенті Александр Лукашенконың қолынан алды.

Басылым Қазақстаннан барған жас әнші қазылар алқасын күшті вокалымен тәнті еткенін жазды. Сонымен қатар Шерхан Арыстан Қазақстанда танымал болуды армандайтынын айтты.