Екі мыңнан астам мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өседі

Qaz365.kz редакциясы

Қазіргі уақытта мәдениет саласы қызметкерлері жалақысының орташа деңгейі 138 мың теңге

el.kz

Алматы мәслихаты биыл тамыз айынан бастап Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға ұлғайту туралы шешім қабылдады, олар мыналар: хайуанаттар бағы, цирк, қуыршақ театры, «Алатау» дәстүрлі өнер театры, мемлекеттік мұрағат, кітапхана, музейлер бірлестігі, «Алматы әуендері», деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жалақыны 30%-ға дейін көтеру кітапхана жүйесінің, театр және музыка өнерінің 8 ведомстволық бағынысты ұйымдарының 2 мыңға жуық қызметкеріне әсер етеді.

Қазіргі уақытта мәдениет саласы қызметкерлері жалақысының орташа деңгейі 138 мың теңгені құрайды.
Алматы мәдениет басқармасының хабарлауынша, жалақыға байланысты жас мамандар жұмыстан жиі кетеді және бұл өз кезегінде жас білікті кадрларды тәрбиелеуді қиындатады. Сондықтан Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдары, кәсіпорындары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу мәселесі Алматы қаласы мәслихатының қарауына ұсынылды.