«Шындықты білуге лайықтысыздар». Балжан Бидаш не үшін ажырасып кеткенін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін Жахан Отарғалиев Балжанмен түскен видеоны жариялап «Бәрі бітті» деген жазба қалдырған болатын

Instagram / Bidash_official

Осыдан шамалы уақыт бұрын көпшіліктің көзайымына айналған жұлдызды жұп Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш айырылысып кеткені туралы ақпарат тараған еді.  Бүгін әнші Балжан жағдайды өзі түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Достар, сіздер шындықты білуге лайықсыздар, осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан «рас па, өтірік пе» деген ақпаратты «біз екі жаққа кеттік» деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін. Бұлай болғанына қарамастан Жаханның әр бастамасын, шығармашылығын қолдаймын! Ешкімнің ала жібін аттамайтын, қазақ киносынан өз орнын тапқан еңбекқор, қайсар жан», - деп жазды Бидаш.


Айта кетейік, бұған дейін Instagram-да Балжанмен түскен видеоны жариялап «Бәрі бітті» деген жазба қалдырған болатын.