Матчқа 30 мыңнан астам жанкүйер жиналды.
Қазақстан футбол құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Финляндиядан жеңілді. Матчқа 30 мыңнан астам жанкүйер жиналды. Ойыннан кейін футболшылар көрермендерге алғысын айтуға келді. Сол кезде «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Алдияр Жаппарханов ойыншыларға өз ойын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Жігіттер аз қалды. Осыны түсінесіңдер ме? Тағы да айтамын, іріктеудің бітуіне шамалы қалды. Нұрәлі (қорғаушы Әліп), Аслан (жартылай қорғаушы Дарабаев) бұл ойын емес. Біз сендерді үнемі қолдаймыз. Кез келген жерде, кез келген ауа-райына қарамастан қолдаймыз. Жиналыңдар, аз қалды», - дейді Алдияр Жаппарханов.
Айта кетейік, матч 0:1 есебімен Финляндияның пайдасына шешілді.