Қарағандыда Әлихан Бөкейхан мұрасына арналған «АLASHTIME» форум-байқауы өтеді

Qaz365.kz редакциясы

Форум Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтеді

Фото ашық дереккөзден

Қарағандыда Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан мұрасына арналған «АLASHTIME» форум-байқауы болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шара Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтеді. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан мұраларын насихаттау мақсатындағы форум 2023 жылдың 12-13 қазан күндері болмақ. Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. 

Өтінім мен байқау жұмыстары 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін olketanu@karlib.kz электронды поштасы арқылы қабылданады. 

Байқау екі кезең бойынша өтеді:
Бірінші кезеңде қатысушы 2 өлең ұсынады. Ұсынылған шығармалардың біреуі Әлихан Бөкейхановтың (ұлттық, тарихи, көшбасшылық) тұлғасын ашуға арналады.
Екінші өлең – еркін тақырыпта.
Сұрыптаудан өткен шығармалар ғана екінші кезеңге өтеді.
 

Екінші кезеңде қазылар алқасы алдында қатысушы өз шығармаларын жатқа оқиды.

Форум-байқау барысында жастар Алаштанушы ғалымдармен рухани байланысқа түсіп, емін-еркін араласуына мүмкіндік болады

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.