Гүлнар Сілбаева: Ресей қазынасына ақша құятын компаниялармен жұмыс істемеймін

Qaz365.kz редакциясы

Актриса ресейлік жұлдыз Азамат Мұсағалиев туралы да пікірін білдірді

vk / kvnofficial

Белгілі қазақстандық әртіс әрі КВН қатысушысы Гүлнар Сілбаева «Airan Media» арнасына берген сұхбатында өз өнерінің шекарасын қалай белгілейтінін айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, кез келген өнер иесі концертінің немесе сахнада қандай да бір өнер көрсетуінің соңы неге апаратынын түсінуі керек. Өзінің айтуынша, Ресей қазынасына салық болып түсетін кез келген жобаға араласпайды екен. Актриса Лептсің концерті немесе қандай да бір театр келіп жатса да, ол ақшаның қайда кетіп жатқанын азаматтар білуі тиіс.


«Біреу ондай концерттерді бірден тоқтату керек дейді. Екіншісі ол концерт неге болмайды деп сұрайды. Оларды білудің қажеті жоқ, қандай өткір әзіл айтса да, саясат жағына барса да. Олар мұның арты неге апаратынын білуі керек еді. Әлде, олардың басқа амалы болмады ма, мүмкін оларды мәжбүрлеген болар, әлде олар үшін қалыпты нәрсе ме!? Мен өзімді былай шектедім: егер Ресей қазынасына ақша апаратын жоба болса, мен ондай компаниялармен жұмыс істемеймін», - дейді ол.


Гүлнар Сілбаева өнер адамдарында басқалардан қарағанда жауапкершілік жоғары деп есептейді.


Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Азамат Мұсағалиев пен Денис Дороховтың оккупацияланған Донбаста концерті өткені белгілі болған. Осыдан кейін Украина тарапы Мұсағалиевті елге қауіп туғызатындар қатарына кіргізді. Ал Қазақстанда «Камызяки» концертіне қарсы петиция басталды. Ақыры, олардың концерті Алматыда өтпейтін болды.