«Жұмыс істесе 18 мың теңге береді»: «Халық жазушысы» атағы қайтарылады

Qaz365.kz редакциясы

Атақты қайтаруды бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын

Коллаж Qaz365.kz

Сенат кулуарында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев «Халық жазушысы» атағы қайтарылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz

Атақты қайтаруды бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын.

Жүдебаевтың айтуынша, «Халық жазушысы» атағы кемел жасқа келген, мәдениет пен руханиятқа ерекше үлес қосқан, халықтың ықыласына бөленген, әдебиет саласындағы жазушыларға беріледі.

«Бұл атаққа ие болу үшін алдымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері немесе әдебиет саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы болуы керек. Ол өте дұрыс деп санаймыз. Себебі әр нәрсе өз сатысымен болуы керек. Әдебиет саласындағы осы атақ – ең жоғарғы атақ болмақ», - деді Жүдебаев.
Вице-министрдің сөзінше, «Халық жазушысы» атағы берілген кезде бұрын тек медалі мен «корочкасы» берілген. 1984-1990 жылдар аралығында атақ 39 қаламгерге берілген. Көзі тірілердің ішінде атақ Мұхтар Шаханов, Мұхтар Мағауинге берілген. Мәдениет және ақпарат министрлігі Сенат оң қорытындысынан кейін Халық жазушысы атағын Республика күніне туралағалы отыр.
«Үкіметтің 11.93 деген қаулы бар. Соған қарасақ, егер ол кісілер мемлекеттік мекемеде жұмыс істесе, онда тиісті үстемақысын алады. Жұмыс істемесе алмайды. Оның ешқандай қаржылық есебі қарастырылмаған. Үстемақы 17 954 теңге шамасында», - деді ол.