«Қазақстанның халық жазушысы» атағы кімдерге берілді

Qaz365.kz редакциясы

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы

Фото: ашық дереккөзден

Биылдан бастап құрметті марапаттар қатарына «Қазақстанның халық жазушысы» қосылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстанның халық жазушысы» атағына белгілі қаламгерлер – Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов, Любовь Шашкова ие болды.

Сондай-ақ «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері Дінмұхамед Ахимовқа, Михаил Токарев пен Дулыға Ақмолдаға, опера әншілері Шахмардан Әбілов пен Талғат Күзенбаевқа, атақты әншілер Рамазан Стамғазиевке, Димаш Құдайбергенге және күйші Айгүл Үлкенбаеваға берілді.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай бірнеше адамды марапаттады.