Қайрат Әділгерей бұған дейінгі сұхбаттарында бірнеше рет Болат Назарбаевтың тойларын басқарғанын растаған болатын
Белгілі әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей 150 миллион теңгеге төрт бөлмелі үй алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Біздің жаңа қонысымыз. Бұл үйімізде ойымыздағы көп идеяны жүзеге асырдық. Жылы, атмосферасы жайлы, сапасы мен көркемділігі үйлескен жоба боп шықты. Баршаңызға жұғысты болсын!» – деп жазды Қайрат Әділгерей Instagram парақшасында.
Ал тележүргізуші Анна Данченконың TikTok желісіндегі ақпаратқа сүйенсек, әзілкеш үйін 150 млн теңгеге салған.
Айта кетейік, Қайрат Әділгерей бұған дейінгі сұхбаттарында бірнеше рет Болат Назарбаевтың тойларын басқарғанын растаған болатын.
«Ритц-Карлтонда бір той болады» деп хабарласты. «Болды, мен боспын» деп жауап бердім. Бағамды айттым, бірақ той иесі кім екенін білмедім. Ұйымдастырушылар, яғни той агенттігі менің үстімнен біраз ақша «сындырыпты». Ал той иесінің Болат Назарбаев екенін халық жиналып, қолыма қонақтар тізімін алып келген кезде бір-ақ білдім», –/ деген еді Қайрат Әділгерей.
Ал тағы бір сұхбатында Болат Назарбаевтың басқалардан айырмашылығы тек байлығында, әйтпесе өте қарапайым деп айтты.
«Тіпті, былайынша бәрімізден қарапайым. Ол кісіге келіп көмек, жұмыс сұрайтындар көп. Оған күніне 100 мың адам келіп тұрады ғой. Оны қасындағылар қатігез қылып көрсететін сияқты. Микрофон ұсынамын, кейде сөйлесеміз, қарапайымның қарапайымы ғой. Жеке әңгімелескен кездеріміз болған емес. Бірақ адамдармен дастархан басында отыратынбыз. Өзім де таңғалып қалғанмын. Тойға ерте келіп алады», – дейді әзілкеш.