Дариға Бадықованы тек ұрысқақ әйелдің образынан шыға алмай қалды дейтіндер бар
Көптің көзайымы болған «Келінжан» телесериалы арқылы танымал болған актриса Дариға Бадықованы тек ұрысқақ әйелдің образынан шыға алмай қалды дейтіндер бар. Актриса журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында мұндай рөлден жалықпағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Ренжімеймін. Ақша керек қой (күлді). Көптік етпейді. Көрермен ұнатып, керек қылып жатса, ойнай беремін. Бізге күн көру керек. Оларға актриса табу қажет», – дейді Дариға Бадықова.
Оның айтуынша, қоғамда Айсараны көрсе, жақтыртпай, өздерін періште санайтындар бар екен.
«Мұның бәрі өмірден алынған рөл. Өмірден көп нәрсені іздеп табасың. Айсараға ренжімеймін. Бұл рөлдің көлеңкесінде қалып қоймаймын деп ойлаймын. Өйткені бұл рөлді Дариға алып шықты. Бірақ екеуіміздің өмірлік ұстанымыз бірдей емес», – дейді актриса.
Айта кетейік, «Келінжан» сериалындағы Айсараның образы – үнемі кикілжің тудырып, жоқ жерден сөз шығарып, кейде қосып айтып, кейде кемітіп айтып жүретін адам.