Елордада «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы мәреге жетті
Елордада «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы мәреге жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Еңбек – ел ырысы» тақырыбындағы дәстүрлі жыр аламанында қарағандылық Мақсат Ақанов топ жарды. Ол финалда Мейірбек Сұлтанханды жеңді. Ақановқа «Алтын домбыра» және автокөліктің кілті табысталды.
Бірінші орын алған Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда облысы) екі миллион теңге және «Айтыстың ақтаңгері» атағына қол жеткізді. Аспанбек Шұғатаев (Павлодар облысы) екінші орын алса, үздік үштікте Жансая Мусина (БҚО), Төлеген Жаманов (Ұлытау облысы) бар.
Сонымен қатар «Ауыл» партиясы «Көрермен көзайымы» номинациясына түркістандық Нұрлан Есенқұловты лайық деп танып, соғым атады.