«Өнердегі жолымды айқындап берген ағатай». Димаш әкесін ерекше құттықтады

Qaz365.kz редакциясы
diapazon.kz

Қазақстанның Халық әртісі, әлемдік деңгейде ән шырқап жүрген Димаш Құдайберген әкесі Қанат Айтбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгін Қанат ағатайымыздың туған күні. Менің өмірдегі, өнердегі жолымды айқындап берген ағатай. Менің ғана емес, барлық достарымның, бірге жүрген бауырларымның ұстазы. Бақытты, баянды ұзақ өмір тілеймін, ағатай!» – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Сонымен қатар әншінің әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері де Қанат Айтбаевты туған күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, Димаш ата-әжесінің қолында өскен. Сондықтан әкесін бала кезден «ағатай» деп атап кеткен.

Биыл жазда атасы Құдайберген Айтбаев өмірден өткен болатын. Атасы 2019 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.