Димаш Құдайберген әлемдегі ең үздік телешоуға қазы болуға шақырылды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл жайлы әлеуметтік желіге әншінің әкесі Қанат Айтбаев жазды

Dimashnews

Димаш Құдайберген әлемдегі ең үздік телешоуға қазы болуға шақырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл жайлы әлеуметтік желіге әншінің әкесі Қанат Айтбаев жазды.

“Димаш әлемнің ұлы әншілерінің бірі ғана емес, бірегейі Пласидо Домингоның Будапештте өтетін "Виртуоздар" атты телешоуының қазылар алқасының құрамына шақырылды. Құрметіңіз бен сеніміңіз үшін көп рахмет, маэстро!” – деп жазады Қанат Айтбаев.

Бұған дейін әнші Instagram-дағы парақшасында осы шоуға байланысты жазба жариялаған еді. Ол 1999 жылы үйде 3 ұлы тенордың концертінің кассетасы болатынын еске салады. 

“Содан жылдар өткен соң ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызықты «Виртуози» телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете де алмадым. Бұл жас талантты сайыскерлерге нағыз жұлдыз болуға тамаша мүмкіндік. Барлық сайыскерге және қазылар алқасына сәттілік тілейміз. Шақырту үшін рахмет, – деп жазды Димаш Құдайберген.