«Алдараспан» театрының әртістері сынға қалды
Талдықорғанға гастрольдік сапармен барған «Алдараспан» театрының әртістері көрерменнің сынына қалды. Олар концертті өздері белгілеген уақыттан кеш бастап, жұрттың наразылығын туғызған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Бір сағат 20 минут кешігіп келіп, мына жерде әндетіп жатырсыңдар. Мына халықты сыйла. Талдықорғанға екінші рет мынадай жасамаңыздар. Сіздер екінші рет осындай жасап жатырсыздар. Концерттеріңізге келіп отырмыз. Билетті бір ай бұрын саттың ба – бір сағат бұрын осы жерде болуларыңыз керек. Көздерің жанып тұрғанын көріп тұрмыз. Ер-азаматсыңдар ма? Сөздеріңде тұрыңыздар!» – деп ұрсады орта жастағы бір ер адам.
Айыбын сезгеннен актер Нұржан Төлендиев расында да кешіккенін айып деп мойындайды.
«Біздікі айып. Ақталғым келген. Бұдан кейін қайталанбайды. Мұның сөз», – дейді ол.
«Біз де халықтың алдында айыпты шапанмен жуайық» деп сын айтқан ер адамның үстіне «Алдараспан» театры шапан жабады.