Штаттағы қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберген Азамат Сатыбалды қытай көліктерін сатуға көшкен бе?

Qaz365.kz редакциясы

Азамат Сатыбалдының артында біреу тұр ма?

Фото: brod.kz

КТК арнасының журналисі Асқарбек Қазанғап әлеуметтік желідегі парақшасында актер Азамат Сатыбалды өзі қызмет атқаратын «Қазақфильм» киностудиясы аумағына қытай көліктерін тізіп, жарнамалап жүргенін көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз бұл жолы Қытай көліктерін сататын автосалонның алдында тұрған жоқпыз.  Бұл өзіміздің Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы. Бірақ студияның аумағы Қытай көліктеріне толып қалған. Өйткені «Қазақфильм» президенті Азамат Сатыбалды өзі жарнамалайды.  Instagram парақшасына кірсеңіз, оған көзіңіз әбден жетеді», – дейді Асқарбек Қазанғап.

Осы мәселені көтеріп жүрген актер Қуандық Дүйсенбаев Азамат Сатыбалдының артында біреу тұрған болуы мүмкін деп отыр.

«Ержігіт ешқашан жігітті даттамайды.  Мен Азамат Сатыбалдының артынан түсіп алған жоқпын. Киностудияның жағдайы мазалайды. Шынымен де, штаттағы 30 пайыз жұмыскерлерді ақысыз демалысқа жіберді. Павильонның бағасы бұрын 200 мың теңге болса, қазір 750 мыңға көтерді. Аренданың бағасын 100 пайызға көбейтті. «Қазақфильмге» жаны ашитын көнекөз азаматтардың барлығын құртып жатыр.  Бұл жалғыз Азамат Сатыбалдының кінәсі емес шығар», – дейді Қуандық Дүйсенбаев.