«Күтпеген жағдай»: Аты шулы Say Mo оранып, оқырмандарын таңғалдырды

Qaz365.kz редакциясы

Көп оқырман әншінің аяқ астынан оранғанын түсінбей жатыр

Фото: instagram / say_mo__

Аты шулы әнші Say Mo лақап атымен танымал Мөлдір Бақытжанқызы мешіт алдында түскен суреттерін жариялап, оқырмандарын таңғалдырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өйткені Say Mo-ны оқырмандары ашық киінетін әнші ретінде көріп үлгерген. Ол жақында Біріккен Араб Әмірліктеріне барыпты. Әншінің осылай аяқ астынан хиджаб кигенін түсінбей жатқандар көп.

«Күндіз имам, түнде Иван», «Шайтанның өзі таңғалған шығар», «Жетісіп қалыпсың!», «Сізді осылай жабық көрген біртүрлі екен», «Бірақ аяқ та ашық болмау керек», «Екі жүзді деген осы шығар, ағайын!», «Мешіттің суретке түсетін алаңға айналып кеткені өкінішті!», «Сізді танымай қалдық», «Осылай жүрсеңіз, ерекше сұлусыз», «Ұзын көйлек те, орамал да жарасады екен. Нұрланып шыға келдіңіз» деген пікірлер бар.

Айта кетейік, Мөлдір Бақытжанқызы Қаскелең қаласында дүниеге келген. Әнші Ресейдің «ТНТ» телеарнасындағы «Песни» жобасына қатысқан.