Әншінің тыңдарманы мен әріптестері оған көңіл айтып, жанұясына сабыр тілеп жатыр
«Жігіттер» тобының мүшесі, әнші Бағлан Әбдірайымовтың әкесі дүниеден өтті. Бұл туралы әнші өз парақщасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Ардақты ағайын! Асқартау әкем Раббысына қайтты. Не деген ауыр хабар еді… Қандай жақсы адам едің...
«Шын мәнінде, біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз...» («Бақара» сүресі, 156-аят)», – деп жазды өнер иесі.
Әншінің тыңдарманы мен әріптестері оған көңіл айтып, жанұясына сабыр тілеп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Бағлан Әбдірайымов құмар ойындарына әуес болып, біраз уақыт бойы бұл әдетінен арыла алмай жүргенін айтқан еді. Ол осы тақырыпта кино да түсірген болатын.