«Әкемнің кітабын түпнұсқада оқи алмаймын»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді

Qaz365.kz редакциясы

Сәбит Мұқановтың қызы әкесінің кітабын түпнұсқада оқи алмайтынын мойындады

Скриншот: Q•REC youtube арнасы

Q•REC youtube арнасында таяуда кеңес заманы кезінде орыстандыру саясаты қалай жүргізіліп, қазақтар өз тілін қалай ұмытып қалғаны жөнінде зерттеу материалы жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналист Әлия Әшім зерттеу барысында жазушы Сәбит Мұқановтың қызы Жанна Мұқанова тұңғыш рет сұхбат береді. 

Сұхбат барысында Жанна Мұқанова қазақ тілін шала білетінін айтады.

«Ол кезде қазақ тілі пәні мектептерде оқытыла бермейтін. Адамдар да бір-бірімен орыс тілінде ғана сөйлесетін. Әке-шешем бірақ үйде тек қазақ тілінде сөйлесетін. Ал мектепте мұғалімдердің бәрі орысша сөйлейтін. Қазақ мектептері тым аз еді, тек біреу болатын. 12-ші мектеп қой деймін. Әкем жиындарда ылғи «бізге қазақ тіліндегі мектептер көбірек керек» деп бастама көтеріп жүретін. Ғабит Мүсіреповтың, Жұбан Молдағалиевтің балаларының бәрін білем. Бәріміз 56-шы орыс мектебінде оқыдық», - дейді ол.

Жазушының қызы жастар көбінесе қазақ тілінде сөйлеп, қызықса, өз тілінде сөйлессе қуанатынын айтады. 

«Әлбетте, әр ұлт өз тілін білуге тиіс. Түпнұсқада кітаптарды оқи алуы керек», - дейді Жанна Мұқанова.

«Әкеңіздің кітаптарын түпнұсқада оқи алдыңыз ба?» деген сұраққа ол «жоқ» деп жауап береді.

«Қазақ тілін білемін, түсінемін. Ауызекі қазақ тілі курстарына жазылдым. Келешекте бірнеше айдан кейін мен әкемнің кітаптарын түпнұсда оқи алам деп үміттенемін», - дейді ол.