Қала әкімі дарынды әншіні ел Президентінің атынан 85 жылдық мерейтойымен құттықтады
Мемлекет басшысының Жарлығымен мәдениетпен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесіүшін Халық артисі Лаки Кесоглу I дәрежелі«Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев дарынды әншіге марапатты табыстап, ел Президентінің атынан 85 жылдық мерейтойымен құттықтады.
«Табиғи талант пен қажырлы еңбектің арқасында сіз үлкен шығармашылық жолдан өттіңіз, эстрадалық сахнада кәсіби деңгей де танылуға және табысқа қол жеткіздіңіз. Еліміздежәне шетелде көптеген жанкүйер сізді жоғарыорындау мәдениеті, мәнерлі лирикалық теноры, әртүрлі жанрлар мен стильдегі әндердің мол репертуары үшін жақсы көреді және бағалайды. Сіздің өнерге қызмет етуіңіз, мәдени және рухани мұраны арттыруға, дарынды жастарды тәрбиелеуге қосқан зор үлесіңіз үлкен құрметке лайық», - делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауында.
Лаки (Пантелей) Кесоглу 1939 жылы туған, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияны «Опера, концерттік әнші, оқытушы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1967 жылы консерватория жанындағы опера студиясының солисі қызметінен бастаған. 1970 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық эстрада артистердің байқауында дипломант болды. 1972 жылдан 1998 жылға дейін Қазақ телевизиясымен радиосы эстрадалық-симфониялық оркестрініңжетекші солисі болып жұмыс істеді. Осы кезеңде ол Мәскеудегі Одақтар үйінің Колонна залында дирижерлер Ю. Силантьев, в. Людвиковский, Б. Карамышев, Г. Гаранян, Ю.Михайлов, В. Мещериннің жетекшілігімен Бүкілодақтық радионың үздік оркестрлерімен бірге Кремль Съездер сарайында, «Ресей» концерт залында жәнет.б. өнер көрсетті.
Лаки Кесоглу өзінің мансабында кеңестік жәнегрек әндері бар бірнеше граммофон күйтабақты, сондай-ақ «Капризная погода» жазбасын жазды, онда танымал қазақстандық авторлар Тілес Қажығалиев, Алмас Серкебаев, Эдуард Богушевский және т.б. әнін орындады.
Сонымен қатар Лаки Константинович Қазақстан меценаттарының «Тарлан» жоғарымузыкалық сыйлығының иегері, II дәрежелі«Достық» (2004 ж.) және «Парасат» (2019 ж.) ордендерімен марапатталған.