Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясының уақытша президентінің міндетін атқарушы болып Айдар Омаров тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
«Құттықтауларыңыз үшін алғыс айтамын, мені «Қазақфильмнің» президентінің міндетін атқарушы болып тағайындау туралы бұйрық шықты», – деді Айдар Омаров.
Еске салайық, жуырда «Қазақфильм» президенті қызметін атқарған актер Азамат Сатыбалды қызметінен кетті. Оның алдында «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірген болатын.