«Бірнеше әйел бір еркекке тиігісі келсе, неге біз тоқтатамыз?»: Мұхтар Мағауин көп әйел алу туралы айтты

Qaz365.kz редакциясы

Жазушы 1993 жылы мақаласы шыққанда резонанс туындағанын айтты

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның халық жазушысы, қазір Түркияда тұратын Мұхтар Мағауин журналист Ләззат Мырзашқа берген сұхбатында көп әйел алу туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен көп әйел алу туралы бәрінен бұрын, 1993 жылы «Лениншіл жасқа» мақала  жазғанмын. «Бір отбасы, бір үйелмен» деген.Аламын деген адам ала берсін. Мысалы, Еуропада әйелге әйел, еркеке еркек үйленіп жатыр. Неше түрлі былық. Бұл табиғи нәрсе. Егер бірнеше әйел бір еркекке тиігісі келсе неге біз тоқтатамыз?!  Әйелді әйел алып жатқан жоқ қой. Зайырлы мемлекет болғандықтан, конституция бойынша рұқсат жазылмайды. Бірақ, мұны заң жүзінде қудалауға болмайды», - дейді Мұхтар Мағауин.

Жазушы 1993 жылы сол мақаласы шыққанда резонанс туындағанын айтты.

«Мағауин тоқал алғысы келіп жүр деп айыптағандар бар. Бұл дұрыс нәрсе. Заң жүзінде қудалауға болмайды. Бала көтермейтін әйелдер, басқа да жағдайлар бар. Қазақтың дала заңында екінші әйел алу үшін бәйбішенің рұқсаты керек. Бұл заңды бұзғандар болған», - дейді ол.