Euronews: Димаш жай әнші емес – ол миссиясы бар адам

Qaz365.kz редакциясы

Euronews басылымына берген эксклюзивті сұхбатында Димаш Құдайберген классикалық музыка, қазақ халқының мотивтері мен заманауи әуендері араласатын өзінің бірегей шығармашылығы жайлы айтқан

Димаш Құдайберген © Photo : Димаш Құдайбергеннің Instagram парақшасынан

Қазақ музыканты Димаш Құдайберген Euronews басылымына эксклюзивті сұхбат беріп, өзінің шығармашылығы мен қазақ мұрасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Euronews басылымына берген эксклюзивті сұхбатында Димаш Құдайберген классикалық музыка, қазақ халқының мотивтері мен заманауи әуендері араласатын өзінің бірегей шығармашылығы жайлы айтқан. 

«Қазақ музыканты Димаш Құдайберген жай әнші, ән жазушы және мультиинструменталист емес – ол миссиясы бар адам. Ол өзінің виртуозды вокалымен әрі жанрда теңдесі жоқ музыкасымен Қазақстанның бай мәдениеті мен дәстүрін әлемдік аудиторияға жеткізуге ниетті.  Әлемдік турдан кейін үйге оралған ол Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жабылғаннан кейін жеке концертпен өткізді», - деп жазады басылым.

Сұхбатында Димаш өз мансабы, музыкалық стильдің эволюциясы туралы айта келе Көшпенділер ойындары – Қазақстан мұрасын жарыққа шығару үшін тамаша сахна екені жөнінде ой қозғайды. 

Euronews: сіз классикалық білім алдыңыз және Сізге "Астана - Операда" орын ұсынылды, бірақ классикалық элементтерді дәстүрлі қазақ және поп-музыкамен үйлестіре отырып, заманауи музыкант мансабын таңдадыңыз. Сіз бұл бірегей қорытпаны қалай жасай алдыңыз?

Димаш: Астанадағы опера директоры мені жұмыс істеуге шақырғаны есімде. Бірақ мен әртүрлі музыкалық жанрда өнер көрсеткім келетінін білдім. Енді мен опера айтқым келсе, оны концерттерімде жасай аламын. Менде оындай еркіндік бар. Мен "Астана - Операға" үлкен құрметпен қараймын. Бірнеше ай бұрын менің мұғалімім Пласидо Доминго мені Еуропада өзімен бірге өнер көрсетуге шақырған кезде арманым орындалды. Ол маған "сізде бұл арияға дайындалу үшін екі күн ғана бар" деді. Мен бас тарта алмадым.

Бес жасымда үйімде Пласидо Доминго мен Павароттидің қойылымдары жазылған бейне таспалар болды. Бұл концерттер мені әнші болуға шабыттандырды. Мен Домингоға оның арқасында әнші болғанымды айттым. Мен оған ұқсағым келді. Вокал тұрғысынан олар ең мықты әншілер.

– Бес жасыңыздада сіздің ата-анаңыз сіздің керемет дауысыңыз бар екенін түсінді. Кәсіби әнші болғыңыз келетінін қашан түсіндіңіз?

– Мен бес жасымда әжем мені күн сайын музыка мектебіне апаратын, бірақ ол аяғы ауыратын. Енді мен танымал болып, ақша таба бастадым, мұның бәрі менің отбасымның — ата-анамның, ата-әжемнің және достарымның арқасында екенін түсінемін. Олардың қолдауы! Менің әжем менің жетістігіме өзімнен гөрі лайықты адам!

Сұхбаттың толық нұсқасын сілтемеден оқуға болады.