Белгілі журналдың бас редакторы ауысты
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазушы Дәурен Қуат жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Аттай алты жыл, төрт ай төріне оздырған «Қазақ әдебиеті» газетін Бауыржан Жақып ағама аманат етіп, төрағамыз Мереке Құлкеновтің пәрменімен «Жұлдыз» журналына бас редактор болып тағайындалдым», - деді ол.
Дәурен Қуат Қазақстан Жазушылар одағының басшысы Мереке Құлкеновтен өтініп, «Жұлдыз» журналына ауысқан. Ал журналдың бұрынғы басшысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Тұрысбек Сәукетаев Жазушылар одағы басқарма төрағасы Мереке Құлкеновтің кеңесшісі болып барды.
Дәурен Қуат – 1973 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданы, Ащыбұлақ ауылында дүниеге келген. М. Қашқари атындағы және Ғ. Мүсірепов атындағы сыйлықтардың лауреаты. «Дәстүр» баспасынан «Әлқисса» атты прозалық кітабы жарық көрген.
Дәурен Қуат 1973 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласы Қапал ауданы Ащыбұлақ ауылында дүниеге келген. М. Қашқари атындағы және Ғ. Мүсірепов атындағы сыйлықтардың лауреаты.
1990 жылы аудандық «Қапал еңбеккері» газетінің тілшісі;
1993 жылы облыстық «Жерұйық» газетінің тілшісі;
1994 жылы республикалық «Халық кеңесі» газетінің бұрынғы Талдықорған облысындағы (қазіргі Алматы облысы) меншікті тілшісі;
1996 – 1997 жылдар аралығында Еларалық «Қазақ елі» халықаралық газетінің меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі;
1997 – 1999 жылдар аралығында республикалық «Жас Алаш» газетініңтілшісі, бөлім меңгерушісі;
2000 – 2001 жылдар аралығында республикалық «Алтын орда» газеті бас редакторының орынбасары;
2001 – 2003 жылдар аралығында «Хабар» арнасындағы «Майдан» телебағдарламасының редакторы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет институтының кіші ғылыми қызметкері;
2002 – 2003 жылдар аралығында «Қазақ Әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары;
2004 -2007 жылдары республикалық «Алтын орда» газетінде бас редактор;
2008 – 2009 жылдары республикалық «Жас қазақ» газетінің бас редакторы;
2009 жылдан бері қарай «Abai.kz» ақпараттық порталының бас редакторы, «Абай-ақпарат» Қазақстан интернет кеңістігін дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті;
2013 жылы Түркі әлемі жазушыларына арналған сыйлықтың лауреаты;
2015 жылы ҚР Ақпарат саласының үздігі;
2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған медаль иегері.