«Бауырына салу» фильмі Бакуде бас жүлде алды

Nur-Altay Umirzak

Филм өзге кинофестивальдерде бірнеше марапат алып үлгерген

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген «Бауырына салу» фильмі Әзірбайжан астанасы – Бакуде марапат биігінен көрінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Фильм «Baku International Film Festival 2024» фестивалінде бас жүлде алды.

«Бауырына салу» фильмін Орталық Азиядағы мазмұнды фильмнің бірі деп айта аламын. Мұнда ұлттық дәстүрдің көлеңкелі тұсы, бала жанының нәзік психологиясы ашып көрсетілген. Қарапайым ауылдың қоңыр тірлігін баяндайтын фильм алдағы уақытта да шыңды бағындырады деп сенеміз!», – деді Сиддик Байрам.

Фестивальде қазылар алқасының төрағасы, «Алтын глобус» сыйлығының иегері Сиддик Байрам қазақстандық фильмді жоғары бағалаған.