Димаш Құдайберген сынған қолына қарамастан хорватиялық виолончелистпен фит жазды

Qaz365.kz редакциясы

Дереккөздердің мәліметінше, Халық әртісі ваннаға құлап, қолын жарақаттап алған


Танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген әйгілі виолончелші Степан Хаусермен бірге коллаборация жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олар Сингапурде кездесіп, музыка әлемінің жанкүйерлерін тағы бір қуанышқа бөледі. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер Құдайбергеннің қайталанбас дауысы мен Хаусердің виолончель үнінің үндестігіне тәнті болып жатыр.


«Екі таңғажайып ерекше дауыс – Димаш пен Хаусердің виолончельінің керемет үйлесімі! Бұл адамға ерекше ләззат сыйлайды», - деп жатыр желідегі тыңдармандар. 

Айта кетейік, әнші оң қолынан жарақат алған. Бұған дейін Алматыдағы АТР 250 сериялы теннис турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлеп, ән шырқаған кезде де оң қолын байлап шыққан еді. 
Дереккөздердің мәліметінше, Халық әртісі ваннаға құлап, қолын жарақаттап алған.