24-қазан Кітапханашылар күні – Қазақстанда кітапханаларда қанша маман жұмыс істейді

Nur-Altay Umirzak

Қазақстанда 12 мыңға жуық кітапхана мен  25 мыңнан астам кітапханашы бар

Сует: ortalyq.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі кітапханашылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 

«Кітапхана – білім мен мәдениет сақталатын орын болса, сіздердің ерен еңбектеріңіз Қазақстан азаматтарына білім мен рухани құндылықтарға қол жеткізуге көмектеседі. Сіздер атқарып отырған еңбектеріңіздің арқасында  2020-2024 жылдар аралығында көпшілік кітапхана пайдаланушыларының саны 3 миллионнан 5 миллионға өсті.  Кітапханашыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! »,– делінген министрліктің құттықтау сөзінде.

Елімізде 12 мыңға жуық кітапхана бар, олардың 4 мыңға жуығы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағында. Аталған кітапханаларда 9,5 мыңнан астам кітапханашы 73 миллионға жуық кітапты сақтаумен айналысады. Электронды кітаптар мен құжаттарға жыл сайын әлемнің 110 елінің пайдаланушылары жүгінеді.

Жалпы елде 25 мыңнан астам кітапханашы жұмыс істейді.