Қаражат келесі жылдың бюджет жобасына енгізілген
Қазақ тілінде мультфильмдер жасауға 350 млн теңге бөлінетін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қаражат келесі жылдың бюджет жобасына енгізіліп отыр. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов жазды.
«Балалар «Синий трактор» мен «Маша и Медведь» сияқты мультфильмдермен шектелмей, сапалы әрі қызықты қазақша мультфильмдерді көруі тиіс. Сонымен қатар, әлемдік хит мультфильмдерді де мемлекеттік тілге аударып, YouTube-ке жүктеу маңызды. Бұл үшін авторлық құқық иелерімен ауқымды жұмыс қажет. Әзірге бұл мәселе толық шешілген жоқ, бірақ алдағы уақытта осы бағытта жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз», – деді депутат.
Депутаттың айтуынша, қазақ тіліндегі мультфильмдерді шығарып, теледидардан бөлек, YouTube-қа жүктеу қажет. Өйткені балалар интернетті көбірек таңдайды. Сондықтан YouTube-қа жүктелуін қамтамасыз ететін норма заңға енгізілмек.