Платформадағы жарнамалық контент оқушылардың жас ерекшеліктері мен психоэмоционалдық жағдайларына сәйкес келмейді
«Күнделік» жүйесіндегі орынсыз жарнамаға қатысты вице-министр жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқу-ағарту министрлігіне ата-аналардан «Күнделік» электрондық журналындағы жарнамалық контентке қатысты көптеген шағым түскен.
«ААЖ Күнделік» тарапынан міндеттемелердің орындалмау жағдайлары орын алды, бұл мәселе жүйе әзірлеушілерімен бірнеше рет талқыланды. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру қажеттілігіне назар аударып, келісім жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай реттелді. Барлық білім беру технологиялары мен EdTech саласындағы жүйелер, соның ішінде ААЖ «Күнделік», Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс жүргізеді”, – деді Оқу-ағарту вице-министрі Арай Уразова.
Платформадағы жарнамалық контент оқушылардың жас ерекшеліктері мен психоэмоционалдық жағдайларына сәйкес келмейтіндігі көптен бері қоғам арасында талқыланып келеді.