Қашықтықтан оқу апта соңына дейін жалғасады
28-29 қарашада бірінші және екінші ауысым оқушылары, барлығы 64 мектепте оқитын 53 мыңнан астам оқушы қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлімдеді.
Қашықтықтан оқуға басты себеп – тыныс алу жолдарындағы ауруға әкелуі мүмкін түтін тарағаны әсер еткен
«Күзгі-қысқы кезеңде қазаннан қаңтарға дейін ауада улы түтін ең көп күн басталды. Басты себеп өңірде жел тұрмай, тұман басуы. Бұл құбылыстың ұзақтығы 5 күннен 14 күнге дейін», – делінген Қазгидромет ақпаратында.
«Қазгидромет» Өскеменде ауаның ластануы қараша соңына дейін сақталатынын хабарлады.