Павлодар облысында мектеп мұғалімі оқушысының үстінен арыз түсірген

Qaz365.kz редакциясы

Материалдар сотқа жолданды

Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында мектеп оқушысы мұғалімге бейәдеп сөздер айтқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқытушы полицияға шағымданып, шәкіртінің әрекетіне қатысты арыз түсірді. Енді баланың ата-анасы ол үшін сотта жауап беруі тиіс. 

"Педагог оқушылардың бірі мектеп ішінде оған әдепсіз сөз айтқанын көрсетіп, полицияға шағымданды. Жеткіншектің әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық сипаттары бар. Бұл ұсақ бұзақылық болып саналады", – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары тиісті тексеру жұмыстарын жүргізген соң кәмелеттік жасқа толмаған оқушының ата-анасын жауапқа тартты.

Материалдар сотқа жолданды.