Магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 26 желтоқсан мен 2025 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі
Қысқы конкурс бойынша магистратураға түсу білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.
“Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды. Білім беру гранттары магистратураға түсу үшін кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 2,3 мың адам қатысты”, – делінген министрлік хабарламасында.
Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 26 желтоқсан мен 2025 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.