Техникалық және кәсіптік мамандықта оқитын студентке 2025 жылы қанша қаржы бөлінетіні айтылды

Nur-Altay Umirzak

1 студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері екі есеге артып отыр

Сурет: kapital.kz

Техникалық және кәсіптік мамандықта оқитын студентке 2025 жылы қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы  Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бүгінгі Үкімет отырысында айтып берді.

“Қазіргі күні жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес 1 студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, енді ол орта есеппен 912 мың теңгені құрайтын болады. Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандыру бөліктерінен тұрады, бұл ретте ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі. Қаржыландырудың жаңа жүйесі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материал-техникалық құралдармен жабдықтауға және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, бұл шара «Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізу шеңберінде жасалып отыр.  Жан басына шаққандағы студенттерді қаржыландыру көлемі 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап ұлғайтылады.