Алматыда елдегі алғашқы ұлттық мектеп ашылатын болды

Nur-Altay Umirzak

Жаңа ғимарат нысаны 900 оқушыға арналған

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда еліміздегі алғашқы ұлттық мектеп ашылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


 “Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда «ABAI ULTTYG MEKTEBI-нің» құрылысы басталды. Жаңа білім ошағы Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл іс» идеясына негізделеді. Оқу процесі қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқуға бағытталған. Ол үшін Алматыдағы Абай атындағы мектеп-интернаттың әлеуеті толықтай қолданылады. Мектеп құрылысы былтыр қараша айында басталған еді. Жаңа ғимарат нысаны 900 оқушыға арналған. Оның инфрақұрылымында мектеп-пансион, мұғалімдер үйі, кітапхана, спорт кешені, жылыжай аумақтары және тағы басқа құрылыс нысандары қарастырылған”, – делінген министрлік хабарламасында.

Мектеп 2026 жылы қолданысқа беріледі деп күтіліп отыр.