Бұл салада жалпы саны 921 маман даярланып жатыр екен
Қазақстан ядролық және атом өнеркәсібі бойынша кадрларды даярлау еліміздің 6 ЖОО-да жүргізіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ақпаратты бүгінгі ОКҚ конференциясында ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова мәлімдеді.
“Бұл салада білім алушылар саны 921 адамды құрайды, оның 96% мемлекеттік грант негізінде оқиды. ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасованың айтуынша, осы сала үшін кадрлар даярлау 2000 жылдан бастап жүзеге асырылуда және 4500 астам студент, магистрант, докторант диплом алды. Осы саладағы стратегиялық әріптестік шеңберінде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университеті (РФ) құрылды. Есенов университетінің базасында неміс техникалық университеттерінің консорциумы да жаңа форматтағы электрэнергетика саласының инженерлерін дайындауды бастады. Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің базасында 2024 жылы Анхальт университетінің (ГФР) филиалы ашылды, онда Электротехника және энергетика бойынша мамандар даярланады», – деді Гүлжан Жарасова.
Еске сала кетейік, соңғы 3 жылда елімізде бұл салада 1800-ден аса түлек университет бітірген.