Дархан Ахмед-Заки жаңа қызметке тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Ол бұған дейін вице-министр қызметін атқарған

Фото: primeminister.kz

Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметін атқарған.

Ол бұл лауазымға 2023 жылдың қыркүйегінде тағайындалды. 2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Дархан ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды", – делінген ҚР Үкіметінің хабарламасында.