Журналистика факультетінде 14 жыл декан болған Қайрат Сақ қызметінен кетті

Qaz365.kz редакциясы
әлеуметтік желі

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы ауысты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Факультетті 14 жыл басқарған Қайрат Сақ орнынан кетті. Жаңа декан болып, белгілі журналист, ақын, жазушы және публицист Нұржан Қуантайұлы тағайындалды.

Нұржан Қуантайұлы Көкпекті ауданы Үлгілімалшы ауылында 1971 жылы 22 қаңтарда дүниеге келген.

1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

1993-1994 жж. Қазақ радиосында аға редактор, шолушы, 1995-1996 жж. Қазақстан журналистер одағына қарасты Журналистерді қолдау қорының вице-президенті, 1996-2000 жж. әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде аға оқытушы, доцент, 2000-2002 жж. республикалық «Жас Алаш» газетінің шолушысы, 2002-2004 жж. «Қазақ университеті» газетінің бас редакторы, 2004-2005 жж. «Айқын» газетінің саяси шолушысы, 2005-2009 жж. «Алматы ақшамы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болып қызмет еткен.

2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыс ақпарат» Media орталығының директоры болды.

2023 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

2000 жылы «Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2001 жылы «Қаламгер» баспасынан «Адырна» атты өлеңдер кітабы шыққан. «Қараөзек» атты прозалық, «Күмбір» атты поэзиялық кітаптарының авторы. Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.