Елімізде 60-тан аса мектеп лицензиясыз жұмыс істеп, бірнеше миллиард теңге тиімсіз жұмсалған

Nur-Altay Umirzak

Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата  білім беру саласына мемлекеттік аудит жүргізген

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанның орта білім беру саласында 62,4 миллиард теңге қаражат пен ресурстарды тиімсіз жоспарлау анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Жоғары аудиторлық палата орта білім беру саласына мемлекеттік аудит жүргізген.

“Мемлекеттік мектептерді қоса алғанда, 66 мектеп лицензиясыз жұмыс істеп келген. Мектептердің тек 18,2%-і аттестаттаудан бірінші реттік тапсырудан өтсе, қалғаны бірнеше рет қайта өтуге өтініш берген. Жалпы мемлекеттік аудит барысында 1,1 миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 62,4 миллиард теңгеге қаражат пен ресурстарды тиімсіз жоспарлау, 3,2 миллиард теңгені тиімсіз пайдалану анықталды”, — деп жазылған ЖАП хабарламасында.

Осыған дейін біз соңғы 5 жылда мектеп оқулықтарының стандарттары 12 рет өзгергені туралы ҚР Жоғары аудиторлық палатасының зерттеу қорытындысы туралы жазған болатынбыз.