Түлектер нені есеру керек?: ҰБТ тапсыру мерзіміне өзгерістер енгізілді

Nur-Altay Umirzak

Ұлттық біріңғай тестілеу емтихандары жылына 4 рет өткізелітін болды

Сурет: gov.kz

Ұлттық біріңғай тестілеу емтихандарын тапсыру мерзіміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ өткізу тәртібін өзгертетін түзетулер ұсынған. 


ҰБТ бірнеше кезең бойынша өтеді:

  • 10 қаңтардан 10 ақпанға дейін – өткен жылдардағы мектеп түлектері, колледж студенттері, шетелден келген қазақтар үшін, сондай-ақ шекті бал жинамаған немесе басқа білім беру бағдарламаларына ауысқысы келетіндер тест тапсыра алады.
  • 1 наурыздан 11 сәуірге дейін – дәл сол санаттағы, сондай-ақ ақылы негізде түскісі келетін қазіргі түлектер тест тапсырады.
  • 10 мамырдан 10 шілдеге дейін – білім беру гранттары конкурсына қатысатын түлектер ҰБТ-ға қатысады.
  • 10-20 тамыз аралығында – ҰБТ тапсырудың қосымша кезеңі өтеді.

Тестілеуге қатысу құны – 5640 теңге. Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін пунктті, күнді және уақытты өз еркі бойынша таңдайды.