Мереке қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі бұл жайында мәлімет жариялаған
Қазақстанның білім беру ісінде қанша педагог-әйел қызмет атқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанның білім беру саласында қанша педагог-әйел жұмыс істейтіні туралы мәлімет жариялаған болатын.
Ақпаратқа сәйкес, білім беру саласында 484 788 педагог-әйел жұмыс істейді. Оның ішінде:
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында – 100 750,
- орта білім беру ұйымдарында – 334 641,
- түзету-білім беру ұйымдарында – 2 444,
- қосымша білім беру ұйымдарында – 13 113,
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында – 29 025,
- арнайы білім беру ұйымдарында – 3 815.
Келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен барша нәзік жанды аяулы ұстаздарды мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!